| 30.06.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы Миссиясы Басшысының Орынбасары Кайл Скоттпен кездесу болып өтті
2008 жылғы 30 маусым күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы Миссиясы Басшысының Орынбасары Кайл Скоттпен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі саяси-экономикалық бөлімінің қызметкері Анна Радивилова қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы кездесуге қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясы мен еліміздің сайлау органдарының қазіргі кездегі жұмысымен таныстырды.
Бұл жұмыстың негізгі бағыттары сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру және осы жылы өткізілетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу болып табылады.
Қ. Тұрғанқұлов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар бойынша жұмыс барлық мүдделі тараптармен ашық пікір алмасу аясында бұрыннан жинақталған оң тәжірибе негізінде жүргізіліп отырғанын айтты. Мұндай көзқарас сайлау заңнамасының бұдан бұрын өткізілген сайлау науқандары барысында айқындалған өзекті мәселелерін шешудің неғұрлым оңтайлы тәсілдері мен жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
«Қазіргі кезде бізге сайлау процесінің әртүрлі аспектілеріне байланысты 200-ге тарта ұсыныс келіп түсті»,- деп атап өтті Ортсайлаукомның басшысы.
Скотт мырза өз кезегінде Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі және оны одан әрі жетілдіру жолдары туралы бірқатар сұрақтар қойды, сондай-ақ сайлау науқандарын ұйымдастыру мен өткізудегі ілгерілеушіліктер мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның байқаушылар Миссиясы тарапынан оларды бағалаудағы оң өзгерістерді атап айтты.
Кездесу барысында Қазақстанның саяси жүйесінің даму перспективалары, сондай-ақ, Қазақстанның ЕҚЫҰ-да 2010 жылы төрағалық етуіне байланысты сайлау туралы, саяси партиялар туралы, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнаманы одан әрі демократияландыру жөнінде пікір алмасылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
