| 04.09.2018 |
|
Ортсайлауком жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы болды
2018 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Х. Баймолдинаның төрағалық етуімен Ортсайлауком жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің отырысы болды.
Кеңестің отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатты З.Я. Балиева, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары А.С. Тукиев, Е.А., Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары болып табылатын М.И. Жұмағұлов, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры М.С. Башимов, заңгер-құқықтанушы В.К. Фоос, халықаралық қатынастар жөніндегі заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор М.А. Сәрсембаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы С.К. Амандықова қатысты.
Кеңестің отырысында 2018 жылғы II жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі - Конституциялық Заңы) түзетулер енгізген «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 29 маусымдағы Конституциялық заңын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу ұшін кандидатураларды қарауға, сайлаушылар тізімдеріне сотқа электрондық онлайн режимінде берілген өтініш бойынша шығарылған сот актісі ненізінде сайлаушылар тізіміне енгізу мүмкіндігіне қатысты бірқатар мәселер қаралды, соңдай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін осы мәселелер бойынша сындырлы пікір алмасу жүргізілді.
Кеңес халықаралық нормалар мен шетелдік электораттық тәжірибені ескере отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету арқылы қазақстандық сайлау заңнамасы мен құқық қолдану практикасын жетілдіру мақсатында құрылған.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
