| 23.06.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ақтөбе қаласында өзінің көшпелі отырысын өткізді
2008 жылғы 20 маусым күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ақтөбе қаласында өзінің көшпелі отырысын өткізді.
Отырыста екі сұрақ қаралды:
1) Ақтөбе облысы атқарушы органдарының сайлаушыларды тіркеу, есепке алу және электрондық тізімдерін қалыптастыру жөніндегі жұмысы туралы.
2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша ақпарат.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12 бабы 7-ші тармағына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлeу мeн өткізугe байланысты мәсeлeлeр бoйынша мeмлeкeттік oргандар мeн ұйымдардың eсeбін тыңдауға хақылы.
Осыны ескере отырып, Орталық сайлау комиссиясының 2008 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысына Ортсайлаукомның жұмыс тобы жіберіліп, бір апта бойы жергілікті жерлерде сайлаушылар тізімін жасау бойынша мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастығын ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесі зерделенген болатын.
Орталық сайлау комиссиясының көшпелі отырысына аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, облыс әкімдігінің, халықты есепке алуды жүргізетін мемлекеттік органдардың (ішкі істер департаментінің, көші-қон полициясының, статистика басқармасының, әділет департаментінің, қорғаныс істері бойынша департаменттің, және т.б.) өкілдері, Ақтөбе облысының аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Отырыста Ақтөбе облысы атқарушы органдарының сайлаушылар тізімін жасау бойынша атқарып отырған мақсатты әрі жүйелі жұмысы оң бағаланып, облыс әкімдігі аппаратына жеке тұлғаларды есепке алу жүйесіне қатысушы мемлекеттік органдардың сайлаушылар тізімін жасау және нақтылау бойынша өзара ықпалдастығын одан әрі жетілдіру, сайлаушылар тізімін нақты уақыт режимінде құру және өзгертіп отыру мақсатында «Қайнар» ақпараттық жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, отырыста Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақ бойынша Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.Фоос пен Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Г. Күнбаеваның ақпараттары тыңдалды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
