| 31.07.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Орталығының Басшысымен кездесу болып өтті
2008 жылғы 30 шілде күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ-ның Астана қаласындағы Орталығының Басшысы Александр Кельчевскиймен оның өтініші бойынша кездесті.
Ортсайлаукомның Төрағасы кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен еліміздің сайлау органдарының қазіргі кездегі жұмысымен таныстырды.
Бұл жұмыстың негізі бағыттары сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру және биылғы жылы болатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу болып табылады.
Қ. Тұрғанқұлов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар бойынша жұмыстың барлық мүдделі тараптармен конструктивтік ынтымақтастықтың жинақталған оң тәжірибесі негізінде ашық пікір алмасу аясында жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Кездесу соңында Кельчевский мырза мен Ортсайлауком Төрағасы Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін одан әрі дамыту және демократияландыру мәселелерінде бұдан былайғы өзара ынтымақтастыққа сенім білдірді, сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық етуі аясында жалпы алғанда Қазақстанның саяси жүйесінің даму перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
