| 26.07.2018 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
2018 жылғы 26 шілдеде Берік Имашевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының3-тармағына және «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы», «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес Алматы облысында Кеген аудандық аумақтық сайлау комиссиясын, Түркістан облысында Жетісай, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және Астана қаласында Байқоңыр аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы Қаулы қабылдады.
Сонымен қатар әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу ережелері, Қазақстан Республикасы аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілері, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану жөніндегі Қаулылар қабылданды.
Отырыс барысында сонымен бірге Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А. Өміралиев пен Алматы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Т. Даутов сөз сөйледі.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
