| 01.08.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясы 2008 жылғы қазанға тағайындалған Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын 2008 жылғы 4 қазанға тағайындау туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында 2008 жылғы 1 тамыз күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыста Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (50 баптың 2 тармағы және 51 баптың 2 тармағы) Сенат сайлау туралы конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау жүйесі негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Депутаттардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Депутаттыққа кандидаттарды мәслихаттар ұсынады, сондай-ақ азаматтардың өзін-өзі ұсыну құқығы бар.
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау туралы заңнамамен көзделген сайлау рәсімдерінің толық циклі 73 күнтізбелік күн ішінде аяқталады.
Кандидаттарды ұсыну 2 тамыз бен 3 қыркүйек күндері аралығында, кандидаттарды тіркеу 13 қазанға дейін жүргізіледі. Тіркелген кандидаттардың сайлауалды үгіті 14 қыркүйек күні басталып, 2 қазан күні аяқталады.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру, дауыстарды санау және сайлаудың нәтижелерін жариялауды бір күннің ішінде, яғни 4 қазан күні жүргізуі, ал Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытындыларын 2008 жылдың 10 қазанынан кешіктірмей анықтауы тиіс.
Сайлау заңнамасына сәйкес әрбір Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт жүргізуіне, сондай-ақ көлік шығындарына республикалық бюджеттен қаражат бөлінетін болады.
Одан тыс, әрбір кандидат қаражатының жалпы сомасы 8 млн. 417 мың 500 теңгеден аспайтын сайлау қорын құра алады.
Дауысқа түсетін кандидаттар үшін сайлау жарнасы 180 375 теңге.
Отырыстан соң өткен брифинг барысында Ортсайлауком Басшысы сайлау тағайындалмай тұрған кезеңде атқарылған дайындық жұмыстары, сондай-ақ алдағы сайлау науқанын өткізуге мүдделі сайлауды ұйымдастырушылар алдында бүгінгі күні тұрған негізгі мақсаттар туралы баяндап берді.
Қ. Тұрғанқұлов Ортсайлауком тарапынан барлық қажетті құжаттар, нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, қабылдағанын, сондай-ақ тиісті әдістемелік материалдар дайындалып, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жолданғанын атап өтті.
8 тамыз күні Ортсайлауком сайлауды ұйымдастырушылармен алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу сұрақтарына арналған семинар-кеңес өткізуді жоспарлап отыр.
Орталық сайлау комиссиясының алдыңғы кезеңдегі негізгі мақсаты: сайлау заңнамасының Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау тәртібін реттейтін нормаларының сақталуын қамтамасыз ету; сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын орындау; сайлауға қамтылған сайлау комиссиялары мүшелерін оқытуды ұйымдастыру; сайлау науқанына республикалық және өңірлек деңгейде тиісті ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының негізі мақсаттары сайлау науқанының бірінші күнінен бастап барлық сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларын бұлжытпай орындауы, сондай-ақ сайлауды ұйымдастыру, әзірлеу мен өткізудің негізгі ұстанымдарын – сайлау процесінің барлық кезеңдеріндегі ашықтық, жариялылық және айқындық, азаматтардың сайлау құқығын тиімді іске асыруын қамтамасыз ету ұстанымдарын – орындау.
Брифинг соңында Ортсайлауком Төрағасы сайлау туралы Конституциялық заңның 20 бабы 6 тармағына сәйкес, сайлау комиссиялары құрамында өкілдері жоқ саяси партиялар сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тиісті сайлау комиссиясына кеңесші дауыс құқығымен өз өкілдерін жолдауға құқылы екенін еске салды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
