| 02.07.2018 |
|
Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кеңес өтті
2 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменнің төрағалық етуімен «Жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссияларының мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары» тақырыбында кеңес өтті.
Бейнеконференц байланысы арқылы өткен кеңеске Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облысының және Алматы қаласының сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының, сайлаушылыр тізімдеріне жауапты облыстық әкімдік аппаратының және аймақтардағы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоба менеджері А.Омаров жергілікті атқарушы органдардың «Қол жетімділік картасы» аясында сайлау учаскелерінің орналасқан орындарын қосудағы міндеттері туралы баяндап берді.
Кеңеске қатысушылар аймақтардағы мүгедектердің сайлау құқықтарын, әсіресе, олардың тура және жанама сайлау құқықтарының жүзеге асырылуы және мүгедектерді сайлаушылар тізімдеріне енгізу мәселелері талқыланды.
Маңгыстау облысы әкімінің кеңесшісі В.Трифонов мүгедектер туралы ақпарат аудан және қала көлемінде жинақталып жатқанын айтты. «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі жанның тұрғылықты жеріне байланысты қажеттілігі туралы ақпаратты қамтитын аумақтық интерактивтік карта жасақталып, қазір жаңартылып жатқандығы туралы сөз етті. Осыған байланысты топтарға мониторинг жүргізу барасында мүгедектің физикалық және менталды мүмкіндіктеріне қарай нақты қажеттіліктерін ықшам ауданның (сайлау учаскесінің) ресурстарына нақты баға беру мүмкін болады. Жалпы Ортсайлаукомның сайлау процесіне қол жетімділігі жөніндегі тапсырмасын қолдаймыз», - деді В.Трифонов.
Қарағанды облысының «Әлеуметтік қызмет орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі С.Понамореваның айтуынша, сайлау учаскелерін қолжетімділік картасына енгізу шешімін табатын мәселе, алайда жергілікті атқарушы органдардың басты назар аударуы тиіс нәрсе - мүгедектерге нақты тосқауылсыз жағдай туғызу.
Сонымен бірге кеңесте еліміздегі мүмкіндіктері шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР ОСК мен ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі бірлесіп өткізген дөңгелек үстелдің материалдар жинағы таныстырылды. Аталмыш материалдар барлық 224 аумақтық сайлау комиссиясы мен аудандық, қалалық және облыстық әкімдік аппаратының назарына ұсынылатын болады.
Дөңгелек үстел материалдарының арнайы нұсқасы еліміздегі нашар көретіндерге арналған 16 кітапханаға жөнелтілетін болады.
Бейнекеңеске барлығы 62 адам қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

