| 29.06.2018 |
|
Жазғы жастар мектебінің президенті сайланды
2018 жылғы 25 маусым-1 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Тараз қаласында жас мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы Жазғы жастар мектебін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Іс шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Президентьінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы.
Жазғы мектеп облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. 48 жас мемлекеттік қызметкерлерін, Қазақстан халқы Ассамблеясы этносмәдениеті бірлестіктерінің жас көшбасшыларын жинады.
Мемлекеттік басқару академиясымен бұған дейін қол қойылған меморандумның және жастарды электораттық-құқықтық ағарту бағыты бойынша өзара іс-әрекет жөніндегі жол картасының шеңберінде Ортсайлауком өкілдері «Халықаралық жазғы мектептің президентін сайлау» іскер ойынын өткізді.
Ашылу қарсаңында, 24 маусым күні іскер ойынға бастама беріліп, Ортсайлауком электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі М.Қ. Бөлеева мен бас консультанты Т.Ж. Рыспеков қатысушыларды бұл іс-шараның ерекшелігі ел Президентін сайлау рәсімдеріне неғұрлым жақындатылғанын ескере отырып, Жазғы мектептің көшбасшысын сайлауды өткізу алгоритмімен таныстырды.
25 маусым күні сайлауалды науқан барысында президенттікке үш үміткер ұсынылды - Қарағанды облысынан Райымбек Жанболат, Атырау облысынан Шмалиев Ермек және Ақтөбе облысынан Қаниятов Нұрсұлтан. Сайлау қорытындылары бойынша ЖЖМ президенті болып Атырау облысы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің бас маманы Е. Шмалиев сайланды.
Іскер ойынды ұйымдастыруға және өткізуге Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы әдістемелік және техникалық көмек көрсетті. Өңірдің сертификатталған тренерлері С.Қ. Мәдиева мен Т.С. Жамалов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңының ел президентін сайлауды реттейтін негізгі нормаларын түсіндірді.
Жастар жазғы мектебінің сайланған президентіне күәлікті салтанатты түрде облыстық сайлауком төрағасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекететтік университетінің ректоры М.Н. Сарыбеков тапсырды.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілген тәжірибелік тренинг қатысушылардың сайлау қызметіндегі тәжірибелік-бағдарлы білімдерін, дағдыларын және тәжірибесін қалыптастыруға себеп болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
