| 25.06.2018 |
|
Қазақстандық байқаушылар Түркиядағы сайлауға қатысты
2018 жылғы 24 маусымда өткен Түрік Республикасының Президенті мен Парламент депутаттарын сайлауды байқауға Қазақстан Республикасынан 10 адам қатысты.
Қазақстаннан Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы (ШЫҰ) құрамында 2 (ҚР ОСК), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан -4, Түрктілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан – (ҚР Парламент Палаталарынан) 4 байқаушы болды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан сайлауды байқауға ШЫҰ миссиясы құрамында ҚР ОСК мүшесі Б.С. Мелдешов және ҚР ОСК аппараты электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы А.Б. Қонаева қатысты.
ҚР ОСК өкілдері сайлауды байқау барысында Анкара қаласында 26 сайлау учаскесінде болды, сондай-ақ Шетелде сайлауды өткізу бойынша мониторинг орталығының жұмыс жүргізуімен танысты.
2018 жылдың 25 маусымда ҚР ОСК мүшесі Б. Мелдешов Түрік Республикасы Президенті мен Парламент депутаттарын сайлаудағы ШЫҰ байқаушылар миссиясының жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз конференциясына қатысты.
Баспасөз конференциясының барысында ШЫҰ байқаушылар миссиясының басшысы В. Потапенко Түрік Республикасы Президенті мен Парламенті депутаттарының сайлауы елдің сайлау заңнамасына және мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткендігін атап өтті. Миссия ұлттық заңнама нормаларын бұзушылықтарды тіркемеді.
Б.Мелдешов сайлаудың барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жұмысының жақсы ұйымдастырылғандығын және ешбір заң бұзушылық болмағандығын айтты. Сонымен қатар ол сайлау күні сайлаушылардың, олардың ішінде қариялар мен жастардың белсендігі байқалғандығын атап өтті. Барлық сайлаушыларға өзінің ерік білдіру құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасалды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


