| 08.08.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясында Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті
8 тамыз күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңестің жұмысына қатысу үшін сайлау туралы заңнама нормаларына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауын өткізуді қамтамасыз ететін орган болып табылатын облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, сондай-ақ Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Әділет министрлігінің, Қаржы министрлігінің және Қазақстан Халық банкінің өкілдері шақырылды. Одан басқа, семинарға ЕҚЫҰ-ның өкілдері де шақырылған.
Бұл шараны өткізудегі мақсат сайлау органдарының алдында тұрған бірінші кезекті мақсаттарды анықтау және алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сұрақтарды талқылау.
Семинар-кеңес барысында семинарға қатысушылар құқық қолдану тәжірибесінің келелі мәселелеріне, сайлау комиссиялары, мемлекеттік органдар мен сайлау процесіне қатысушылардың сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру сұрақтарына баса назар аударды.
Сондай-ақ, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының Сенат депутаттығына кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу, дауыс беруге арналған пункттерді әзірлеу, дауыс беруді өткізу, оның нәтижелерін шығару және көптеген басқа да процедуралар бойынша өздерінің құзіреттерін іске асыруына тікелей байланысты сұрақтар жөнінде пікір алмасылды.
«Алдағы сайлау – еліміздің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қарсаңында өткізіліп отырған соңғы кезекті сайлау, сондықтан бұл сайлау науқанын ұйымдастыру деңгейі демократиялық сайлаулардың жалпыға бірдей танымал халықаралық стандарттары мен талаптарына жауап беретіндей болуы тиіс»,- деп атап өтті өз сөзінде Ортсайлауком Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов.
Осы күні Орталық сайлау комиссиясының жанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанын өткізу кезеңіне ұйымдастырылған Баспасөз орталығы өз жұмысын бастады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
