| 13.08.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясы «2008 жылғы 4 қазандағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын акредиттеу туралы» қаулы қабылдады
2008 жылғы 13 тамыз күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «2008 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын акредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Бұл қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын акредиттеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 2008 жылғы 28 қыркүйекке дейін жүргізеді.
Отырыстан соң өткізілген дәстүрлі брифингте Ортсайлаукомның басшысы 2005 жылғы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 52 байқаушысын тіркегенін атап өтті. Олардың ішінде 43 байқаушы Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын байқау бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Миссиясының құрамында болса, ал 4 байқаушы Сайлау жүйесінің Халықаралық қоры атынан өкілдік еткен болатын.
Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардан алдағы Сенат депутаттарының сайлауын байқауға қатысуға «Сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі ниет білдіріп отыр.
Қ. Тұрғанқұлов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
Ортсайлаукомның 12 тамыз күнгі мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 27 кандидат ұсынылған.
Соның ішінде:
• Ақтөбе облысы бойынша – 4 адам;
• Атырау облысы бойынша – 4 адам;
• Қарағанды облысы бойынша – 6 адам;
• Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 1 адам;
• Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 2 адам;
• Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 5 адам;
• Алматы қаласы бойынша – 5 адам.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 5 адамды мәслихаттар ұсынған, 22 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Кандидаттардың біреуі әйел.
Ұсынылған кандидаттардың 3-і Сенаттың қазіргі депутаты болып табылады (Ақтөбе, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Кандидаттардың ішінде «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының мүшелері - 8, партияда жоқтар - 11, ал 8 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Ортсайлауком бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 3 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
