| 15.06.2018 |
|
ҚР Ортсайлауком жанындағы мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Ортсайком жанындағы мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Жиналыс барысында Мүгедек сайлаушыларға сайлау науқаны кезінде қолжетімді ақпараттық-түсіндірме тұжырымдамасының жобасы және Орталық сайлау комиссиясының сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту қаулысына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Жиынға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сүлеймен Л.Ж., еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жақыпова С.К., ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясының» президенті Омарбекова Ж.А., Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Оспанов С.Ж., мүгедектер құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдар және Астана қ. жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қатысты.
Жұмыс тобы отырысының кіріспе сөзінде Сүлеймен Л.Ж. мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сайлау кампанияларын қолжетімді ақпараттық-түсіндіру тұжырымдамасының басты мақсаты мүгедек сайлаушыларға ақпарат тарату бойынша қолайлы форматта қажетті шараларды қабылдау және оларды ақпараттандыру үшін кең ауқымды құралдарды қолдану екенін айтты. Сондай-ақ, бұл жағдайлар өз кезегінде мүгедектердің сайлау құқықтарын толыққанды жүзеге асыруын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, жұмыс тобының мүшесі Жақыпова С.К. ОСК және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Қолжетімділік картасына» мүгедек сайлаушылардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру мақсатында сайлау учаскелерінің орындарын енгізуді ұсынды.
Қоғамдық ұйымдардың өкілдері ОСК Өкіміне және құрылыс нормалары мен ережелері бойынша стандарттарға сәйкес сайлау учаскелерін жабдықтандыру бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, Астана қ. жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп, елордада мүгедектерге арналған стандартты сайлау учаскесін құру идеясын алға тартты.
Отырыс барысында Алматы қаласының мүгедектер құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдардың өкілдері видеоконференция бойынша байланыста болып өз ұсыныстарын еркін жеткізді. Жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтындағы көзі нашар көретіндер үшін арнайы ашылған нұсқасы және оның ішіндегі мүгедектердің сайлау құқықтарын жүзеге асыру бойынша бөлімі ұсынылды.
Отырыста П. Юсупджановқа ҚР ОСК-ның ЕҚЫҰ-мен бірлесіп дайындалған нашар көретіндерге арналған «Қазақстан Рсепубликасының мүмкіндіктері шектеулі азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру мәселелері» дөңгелек үстелі бойынша брошюрасының алғашқы нұсқасы тапсырылды.
Жиын жұмысын қорытындылай келе қатысушылар көтерілген сұрақтардың конструктивті талқыланғанын және Орталық сайлау комиссиясының мүгедектердің сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметінің белсенділігін атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы







