| 08.06.2018 |
|
ҚР ОСК Хатшысы С. Мұстафина Өскеменде аймақтық семинар-тренингке қатысты
2018 жылғы 7 маусымда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Мұстафина Сабила Сапарқызы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» бірыңғай тақырыбы бойынша аймақтық семинар-тренингтер топтамасы шеңберінде ұйымдастырған аймақтық семинар-треннингке қатысып, дәріс оқыды.
Іс-шараға Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының және Өскемен қаласының этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, ауылдық окургтердің әкімдері, жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өңірлердегі ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, аймақтық «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жалпы саны 104 адам қатысты.
Тренинг аясында үкіметтік емес ұйымдардың сайлау жүйесінің дамуына қатысуы мен рөлі, сондай-ақ сайлау процесіне қатысушылардың электораттық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


