| 16.05.2018 |
|
Ортсайлауком қызметкерлері Петропавл қаласында өткен аймақтық семинар-тренингке қатысты
2018 жылғы 16 мамырда Петропавл қаласында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» аймақтық семинар-треннингі өткізілді.
Аталған семинарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі М.Бөлеева мен сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты Ә.Тәжиева «Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарымен өзара әрекеттесе отырып дамуы» тақырыбындағы лекция-треннинг өткізді.
Семинар-тренинг Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы арасындағы Меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараға аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері, ішкі саясат және жастар саясаты, тілдерді дамыту, дін істері бойынша басқармалардың, ҚХА облыстық хатшылығының, «Қоғамдық келісім» өңірлік мекемелерінің және түрлі этномәдени ұйымдардың өкілдері қатысты.
Тренинг аясында сайлау процесі қатысушыларының электораттық мәдениетін арттыру, сайлау жүйесінің сайлау науқандары кезінде және сайлаулар арасындағы кезеңдерде Қазақстан мен шетел тәжірибесі негізінде саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтық қоғамның басқа да құрылымдарымен өзара әрекеттестігі туралы мәселелер талқыланды.
Тренинг соңында сайлау рәсімдері кезінде қоғамдық бірлестіктер мен сайлау комиссияларының өзара әрекеттесуі туралы тәжірибелік сабақтар өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



