| 19.08.2008 |
|
Астана қаласында «Мемлекеттік органдарының ақпараттық – түсіндіру қызметі сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру нысаны ретінде» атты дөңгелек үстел болып өтті
2008 жылғы 19 тамыз күні Астана қаласында «Мемлекеттік органдарының ақпараттық – түсіндіру қызметі сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық мәдениетін арттыру нысаны ретінде» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Бұл дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ортсайлауком мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобасы аясында ұйымдастырған болатын.
Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат: сайлау комиссияларының сайлау науқаны кезіндегі және сайлауаралық кезеңдегі ақпараттық – түсіндіру қызметінің негізгі бағыттарын талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, хатшысы мен мүшелері, соттың, салық комитетінің, Астана қаласы әкімдігінің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ басқа да сайлау процесіне қатысушылар шақырылған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау науқаны барысында ақпараттық – түсіндіру қызметін ұйымдастыруға ерекше назар аударды.
Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қаршыға Құлмұқановтың, Астана қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Амангелді Енсегеновтың, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцевтың, «Форум НКО Астаны» құқықтық тұлғалар бірлестігінің төрайымы Баян Ахметжанованың және тағы басқа дөңгелек үстелге қатысушылардың сөздері үлкен қызығушылықпен тыңдалды.
Астана қаласы сайлау комиссиясының осы саладағы құзіретіне тікелей қатысты сұрақтар талқыланды. Сайлауды ұйымдастырушылар, мүдделі мемлекеттік органдар, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдардың сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған қызметін үйлестіру бойынша бірқатар нақтылы ұсыныстар айтылды.
«Құқықтық базаның ұдайы жетілдіріліп отыратынын және сайлауды өткізуді реттейтін құқықтық нормалардың нақтыланып, өзгеріп отыруына байланысты әрбір сайлау науқанының одан бұрынғы сайлау науқанына қарағанда ерекшеліктері болатынын ескере отырып, біз бүгінгі күні сайлау комиссиялары мүшелерін, барлық сайлау процесіне қатысушыларды құқықтық оқытуға және оларға Ортсайлауклом тарапынан уақтылы әдістемелік көмек көрсетуге көп көңіл бөліп келеміз»,- деп атап өтті Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
