| 14.08.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша тренинг өткізді
14 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша сайлау процесіне қатысушылармен тренинг өткізілді. Тренингті Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ортсайлауком мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобасы аясында ұйымдастырды.
Бұл шараны өткізгендегі негізгі мақсат: алдағы сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сұрақтарды талқылау.
Тренингке қатысу үшін Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, хатшысы мен мүшелері, соттың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының, салық комитетінің, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Парламент Сенаты депутаттығына ұсынылған кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары шақырылған.
Тренингке қатысушылар аумақтық сайлау комиссиясының, мемлекеттік органдар мен сайлау процесіне қатысушылардың сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру сұрақтарын қарады.
Алматы қаласы сайлау комиссиясының Сенат депутаттығына кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу, дауыс беруге арналған пунктті әзірлеу, дауыс беруді өткізу, оның нәтижелерін шығару және көптеген басқа да процедуралар бойынша өзінің құзіреттерін іске асыруына тікелей байланысты сұрақтар жөнінде пікір алмасылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу тәртібі бойынша тренинг жүргізілді.
«Сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық сайлау процесіне қатысушылардың өздерінің конституциялық құқығын іске асыруы үшін қажетті жағдайларды жасау – сайлау органдарының негізгі мақсаты болып табылады»,- деп атап өтті атқарылған жұмысты қорытындылай келе Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
