| 20.04.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі З.Баймолдина сайлау органдарының Еуропалық конференциясына қатысты
2018 жылғы 19-20 сәуірде Осло қаласында (Норвегия королдігі) «Сайлаудағы қауіпсіздік» атты сайлауларды ұйымдастыру үшін жауапты органдардың 15-ші Еуропалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина және Ортсайлауком аппаратының бас консультанты Қанат Арсақбаев қатысты.
Іс-шара Еуропа кеңесінің Венециялық комиссиясы және Норвегия модернизация және жергілікті өзін-өзі басқару министрлігінің сайлау бойынша департаменті тарапынан ұйымдастырылды.
Конференция барысында сайлауға дейінгі, сайлау кезіндегі және сайлауалды процестеріндегі қауіпсіздікті киберқауыпсіздік арқала қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, сайлауға деген қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған әр түрлі елдердегі стандарттар мен озық тәжірибелері зерделенді.
Сайлау процестерінің түрлі аспектілері бойынша конференциялар Еуропа кеңесінің Венецияндық комиссиясы мен Еуропа елдерінің орталық сайлау органдары тарапынан жыл сайын өткізіліп отырады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


