| 18.04.2018 |
|
Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары бойынша вебинар болды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «2018 жылғы 25 наурызда болған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың қорытындылары» тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
Іс-шараға облыстардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық мәслихаттардың хатшылары, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, әкімдіктердің баспасөз қызметінің өкілдері қатысты.
«Мәслихаттардың депутаттарын сайлау: ұйымдастыру-құқықтық негіздері, сапалық талдау» тақырыбында Орталық сайлау комиссиясы аппараты Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі М. Анапин сөз сөйледі. Тыңдаушыларға а.ж. 25 наурызда болған мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларына талдау ұсынылды. Көбінесе мәслихаттардың шығып қалған депутаттары өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуының себептері, мәслихаттардың шығып қалған депутатарының орнына сайлауды өткізу кезінде пайда болған келелі мәселелер айтылды.
«Мәслихаттар депутаттарының сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша ҚР ОСК аппараты БАҚ-пен байланыс жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Ж. Чулаков сөйледі. Ол сайлау науқанын жария ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторингтің нәтижелерімен, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі медиа-жоспарды іске асырудың қорытындыларымен таныстырды.
Видеоконференция көмегімен баяндаушыларға сұрақтар қойылып, оларға толық жауап берілді. Талқыланған мәселелер бойынша жемісті пікір алмасу болды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



