| 19.04.2018 |
|
Орталық сайлау комиссиясы делегациясының Үндістанға сапары болып өтті
2018 жылғы 16-19 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К.Петров және ҚР ОСК Хатшысы С.Мұстафинаның басшылығымен Ортсайлауком делегациясы Үндістанда (Нью-Дели қ.) танысу сапарымен болып қайтты.
Сапар барысында ҚР ОСК делегациясының Үндістан сайлау комиссиясы және Демократия мен сайлауды басқару жөніндегі Үнді халықаралық институты (ДСБҮХИ) басшылығымен кездесуі өтті.
Тараптар кең ауқымды сұрақтар бойынша: дауыс беруде электрондық машиналар қолдану, сайлаушыларды онлайн тіркеу, киберқауіпсіздік, электоралдық оқыту, тренерлерді және сайлау процессіне қатысушыларды даярлау бойынша кеңес өткізді. Қазақстандық өкілдер осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Үнді тарапы ОСК делегациясын ДСБҮХИ қызметімен, сондай-ақ, Сайлау комиссиясының сайлаушыларға қызмет көрсету порталының және байқаушыларға арналған интернет-ресурсының жұмысымен таныстырды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



