| 17.04.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі Л. Сүлеймен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
2018 жылғы 17 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қосымша білім беру институтында «мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны жүзеге асыру шеңберінде мүгедектердің сайлау құқығын қамтамасыз ету бойынша елдегі сайлау органдарының қазіргі жағдайы мен міндетін талдау» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріске орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, облыс және Алматы қаласы басқармаларының, ішкі саясат, жастар саясаты басқармалардың басшылары, орынбасарлары және қызметкерлері қатысты.
Дәріс барысында мүгедектердің сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы жаңа мүмкіндіктері және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі тақырып бойынша пікір алмасу өтті және тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



