| 16.04.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі Л.Сүлеймен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысына алғыс хатын табыстады
2018 жылғы 16 сәуірде Ортсайлауком мүшесі Ләззат Сүлейменнің және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьерд Сабомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Л.Сүлеймен Д.Сабоға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашевтың атынан «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыру мәселелері: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ҚР ОСК мен ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі 2018 жылғы 15 наурызда бірлесіп өткізген дөңгелек үстелін ұйымдастыруда нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс хатын табыстады.
Өз кезегінде Д.Сабо ҚР Орталық сайлау комиссиясының басшылығына дөңгелек үстелді өткізу мүмкіндігін ұсынғаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен қатар, тараптар дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынымдардың дайындық барысы мен мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға жіберілу мәселесін талқылады.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

