| 04.09.2008 |
|
3 қыркүйек күні Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
2008 жылғы 4 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттар ұсыну нәтижелеріне арналған отырысы болып өтті.
Ортсайлаукомның мәліметтері бойынша, 2008 жылғы 2 тамыз бен 3 қыркүйек күндері аралығындағы кезеңде Парламент Сенаты депутаттығына барлығы 88 кандидат ұсынылды.
Соның ішінде: Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласында – 10 үміткерден, ал Астана қаласында – 9 үміткер ұсынылса, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында - 6, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 5, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында – 4 кандидаттан, Қостанай облысында – 3, Алматы облысында – 2 кандидат ұсынылған.
Ұсынылған үміткерлердің үшеуі кандидатураларын өз өтініші бойынша алып тастады, тағы екі кандидат Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сәйкес болмауы себепті алынып тасталды.
16 кандидатты мәслихаттар ұсынса, 72 азамат өзін-өзі ұсынған. Кандидаттардың 6 әйел азаматтар.
Жастары бойынша: жасы 35-ке толмаған кандидаттар - 2, жасы 45-ке толмаған кандидаттар-20, жасы 55-ке толмаған кандидаттар-26, жасы 60-қа толмаған кандидаттар-19, жасы 65-ке толмаған кандидаттар-19, жасы 65-тен асқан кандидаттар-2.
Кандидаттардың ішінде 41 инженер, 16 экономист, 11 оқытушы, 8 заңгер, 3 дәрігер, 2 саясаттанушы бар, 6 үміткер басқа мамандық иелері болып табылады.
Қызметтері бойынша: Парламент Сенатының қазіргі депутаттары - 8, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері - 37, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері - 37, сондай-ақ 1 зейнеткер мен 5 уақытша жұмыс істемейтіндер бар.
Партияға қатыстылығы бойынша: 30 кандидат - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, 1 кандидат - «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясының, 1 кандидат - «Әділет» Қазақстанның демократиялық партиясының, 1 кандидат – «Табиғат» Экологиялық одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, 32 үміткер партияда жоқ, ал 23 үміткер өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Қазіргі уақытта аумақтық сайлау комиссиялары кандидаттардың Конституция талаптарына сәйкестігін тексеру және оларға сай деп танылған үміткерлерді тіркеу рәсімдерін жүргізуде.
3 қыркүйек күнгі жағдай бойынша Сенат депутаттығына 34 кандидат тіркелген. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 13 қыркүйекте аяқталады, ал 14 қыркүйектен бастап барлық тіркелген үміткерлер сайлауалды үгіт жұмысына кірісе алады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
