| 02.09.2008 |
|
Ортсайлауком мүшелерінің 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанын ұйымдастырушылармен және қатысушылармен кездесулер сериясы жалғасуда.
2008 жылғы 2 қыркүйекте Көкшетау қаласында тренинг болды. Тренингке қатысушылар Ортсайлауком қызметіндегі барынша ашықтықты, оның азаматтық қоғам институттарымен, халықаралық және басқа да ұйымдармен ынтымақтастыққа даярлығын, әдістемелік, ақпараттық-анықтамалық және басқа да материалдарды уақтылы әзірлейтінін атап көрсетті.
Өз сөзінде Ортсайлауком мүшесі Татьяна Охлопкова құқықтық ағарту арқылы халықтың әр түрлі топтарын сайлау процесіне араластыру міндеті шешілу үстінде деп атап көрсетті. Халықты сайлау туралы заңнаманың негізгі ережелері, сайлау науқанының барысы мен сайлау процесіне қатысушылар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру бізге сайлау ұйымдастырушыларды оқытуды жүргізу және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру үшін кең мүмкіндіктер ашуда.
Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, мәслихаттардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының және еліміздің азаматтарының тікелей қатысуы мен олардың тарапынан қолдау арқылы жүргізіліп отырғаны сөзсіз.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
