| 26.03.2018 |
|
Қазақстан Республикасы бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлау қорытындылары туралы
2018 жылғы 25 наурызда «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының 15 ауданында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті.
Барлығы елімізде 68 депутат сайланған, оның ішінде 10 облыстық, 17 қалалық және 41 аудандық мәслихат депутаттары бар.
Астана қаласында бос округтың болмауы себебінен сайлау өткізілген жоқ.
Сайлау науқаны барысында депутаттыққа 243 кандидат ұсынылып, олардың ішінен барлық деңгейдегі мәслихаттарға 202 кандидат тіркелген.
Сайлауға 15 облыстық, 17 қалалық, 36 аудандық, 68 округтік, 292 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылған.
Орташа бәсекелестік шамамен бір депутаттық мандатқа 3 кандидаттан келеді (2,97), дауыс берушілердің саны 67,4% құрады.
Сайланған мәслихат депутаттарының 51-і ер адам (75,0%), 17-сі әйел адам (25,0%).
Сайланған мәслихат депутаттарының орташа жасы - 44,3.
Сайлау науқаны ҚР сайлау заңнамасының нормаларана сәйкес өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
