| 28.08.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде тренинг өткізді
2008 жылғы 28 тамызда Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 4 қазанға тағайындалған Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша сайлау процесіне қатысушылармен тренинг өтті.
Осы тренингті Орталық сайлау комиссиясы «Халықтың электораттық мәдениетін дамыту» атты Ортсайлауком мен Қазақстандағы БҰҰДБ-ның бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
Тренингке қатысу үшін Қостанай облыстық мәслихаттарының депутаттары, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, хатшысы мен мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес, жастар және әйелдер ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Тренингке қатысушылар аумақтық сайлау комиссиясының, мемлекеттік органдар мен сайлау процесіне қатысушылардың сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру мәселелерін қарады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу тәртібі бойынша тренинг барысында Қостанай облыстық сайлау комиссиясының дауыс беруді өткізу, оның нәтижелерін шығару және басқа да көптеген рәсімдік сәттер бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы мәселелерімен байланысты пікір алмасу жүргізілді.
Ортсайлауком мүшесі Т. Охлопкова қорытындылай келе, «Сайлау комиссиялары барлық сайлау процесіне қатысушылардың науқанның бүкіл кезеңдерінде сайлау заңнамасының нормаларын бұлжытпай сақтауын қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте олар дауыс беру және дауыстарды санау рәсіміне ерекше көңіл бөлуі қажет»,-деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
