| 26.03.2018 |
|
Қазақстандық бақылаушылар Түрікменстандағы сайлауға қатысты
2018 жылғы 25 наурызда өткен Түрікменстан Меджлісінің депутаттарын сайлауды бақылауға Қазақстан Республикасынан 17 адам қатысты.
Қазақстаннан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) миссиясы құрамында 15, Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы құрамында (ШЫҰ) 2 бақылаушы болды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясынан бақылаушылар делегациясын Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зауреш Баймолдина басқарды, ол ТМД бақылаушылар миссиясының үйлестіру кеңесінің мүшесі болды.
Сайлауды бақылау жөніндегі делегация құрамында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметкерлері, өңірлік сайлау комиссияларының және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарыың өкілдері қатысты.
Қазақстанның бақылаушылары Түрікменстанның барлық 5 велаятында және Ашхабад қаласында бақылау жүргізді. ТМД миссиясының құрамы қатарында 86 сайлау учаскесінде болды.
2018 жылдың 26 наурызында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі З.Баймолдина Түрікменстан Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында өткен Меджліс депутаттарын сайлаудағы ТМД бақылаушылар миссиясының жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз конференциясына қатысты.
Конференция барысында ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы С.Лебедев сайлаудың Турікменстан заңнамасына және халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкес жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.
З. Баймолдина сайлаудың барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары жұмысының жақсы ұйымдастырылғандығын және ешбір заң бұзылушылық болмағандығын айтты. Сонымен қатар, ол 70 жастан асқан дауыс берушілерге, сайлауға алғаш рет қатысушы жас сайлаушыларға ерекше құрмет білдірілгенін атап өтті.
Түрікменстан Меджлісінің депутаттарын сайлау Түркіменстанның Сайлау кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес велаят, этрап және қалалық халк маслахаты мүшелерін сайлауларымен қатар өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

