| 19.03.2018 |
|
ҚР ОСК Хатшысы С. Мұстафина ШЫҰ байқаушылары
миссиясының баспасөз конференциясына қатысты
19 наурызда Мәскеу қаласында Ресейдің «ТАСС» ақпараттық агенттігінің алаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымынан (ШЫҰ) Ресей Президентінің сайлауын дайындауды және өткізуді байқау жөніндегі халықаралық байқаушылар миссиясы жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы болды.
ШЫҰ-ның Бас хатшысы, осы ұйымның байқаушылары миссиясының басшысы Рашид Алимов Ресей Федерациясындағы президент сайлауы демократиялық түрде және халықаралық нормаларға сай өткенін хабарлады.
Баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы Сабила Мұстафина президенттік сайлау Ресей Федерациясы сайлау заңнамасының талаптарына сай және елдің қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өткенін айтып, сайлау науқанының жоғары ұйымдастырушылығын атап өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

