| 18.09.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Еуропа Одағы Парламенттік Ассамблеясының (ЕОПА) депутаты, ЕОПА-ның саяси мәселелер бойынша комиссиясының Қазақстан Республикасына ЕОПА жанындағы байқаушы мәртебесін беру сұрағы бойынша баяндамашысы Тадеуш Ивинскиймен кездесті
2008 жылғы 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов Еуропа Одағы Парламенттік Ассамблеясының (ЕОПА) депутаты, ЕОПА-ның саяси мәселелер бойынша комиссиясының Қазақстан Республикасына ЕОПА жанындағы байқаушы мәртебесін беру сұрағы бойынша баяндамашысы Тадеуш Ивинский мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады.
Қуандық Тұрғанқұлов Ивинский мырзаны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқанының барысымен таныстырды. «Сайлау науқаны өзінің шешуші кезеңіне енді: тіркелген кандидаттардың сайлауалды үгіті басталды. Сайлау заң аясында, ашық әрі айқын өтетініне ешқандай күман жоқ»,- деді Ортсайлауком Төрағасы.
Сондай-ақ, кездесу барысында сайлау заңнамасын одан әрі жетілдіру және ОСК мен ЕОПА арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасылды.
«Соңғы біржарым жыл ішінде біз ЕҚЫҰ-ның, отандық саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің ұсынымдарын ескере отырып, қолданыстағы сайлау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқардық. Қазіргі кезде ұсыныстар пакеті «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуші болып табылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне тапсырылған», - деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов.
Қазақстан Республикасының ЕОПА жанындағы байқаушы мәртебесін алу туралы өтінішіне орай Қазақстанның саяси жүйесінің даму мәселелеріне қызығушылық таныта отырып, Тадеуш Ивинский мырза сайлау процесін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық пен әріптестікті, өзара тәжірибе алмасуды одан әрі тереңдету қажеттігін баса айтты.
Сондай-ақ, Тадеуш Ивинскийдің айтуынша, ЕОПА алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына байқаушы ретінде өз өкілдерін жіберуді көздеп отыр.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Еуропа Одағы Парламенттік Ассамблеясының арасындағы ынтымақстатықты одан әрі жалғастыруға мүдделілік танытты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
