| 16.03.2018 |
|
ҚР Ортсайком мүшесі Б.Мелдешов Ақтөбеде өткен семинарда лекция оқыды
2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бахыт Мелдешов «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» аймақтық семинар-тренингінің шеңберінде «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және оларды сайлау өткізу практикасында іске асыру» тақырыбында дәріс оқыды.
Республикалық семинар-тренингтің жұмысына мемлекеттік қызметшілер (жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарлары, дін істері, тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармаларының мамандары, ҚХА хатшылығының бас инспекторы), құқық қорғау органдарының қызметкерлері және басқалар қатысты.
Дәріс барысында сайлау жүйесін қалыптастыру мен даму кезеңдері, сайлау құқығы саласында халықаралық ұйымдардың ұсынымдары және басқа да мәселелер талқыланды.
Семинар-тренинг соңында тақырып бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Сонымен қатар, Б.Мелдешов Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының төрайымы, мүшелері және сайлаушылар тізіміне жауапты «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК маманымен кездесті. Ақтөбе облысында шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 4 округта өтеді (1 облыстық -Шалқар ауыл округі №31 және 3 аудандық маслихат: №12 Айтекеби округі, №9 Ырғыз округі және №6 Қарғалы округі.
Кездесу барысында 2018 жылғы 25 наурызда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына өтетін сайлау мәселелері талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

