| 19.09.2008 |
|
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауындағы сайлау бюллетеньдерінің мәтіндерін және бюллетеньдерді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жеткізу мерзімдерін белгіледі
2008 жылғы 19 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясы өз отырысында «2008 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауындағы сайлау бюллетеньдері туралы» қаулы қабылданды.
Бұл қаулымен сайлау бюллетенінің мәтіні бекітілді, сондай-ақ, бюллетеньдерді облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жеткізу мерзімдері белгіленді.
Отырыстан соң журналистер үшін өткізілген дәстүрлі брифингте Ортсайлаукомның басшысы БАҚ өкілдерін сайлау науқанының барысы жайлы хабардар етті.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан бергі кезеңде тіркелген кандидаттар тізімінде өзгерістер болды. Соның нәтижесінде қазір сайлауалды үгіт жұмысына 46 үміткер қатысуда.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты жағдайда және жария, сайлау туралы заң талаптарына сәйкес өтуде.
Сайлау науқанының осы кезеңінде Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасы талаптарының бұзылу фактілері жөнінде келіп түскен шағымдар жоқ.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының қазіргі кезеңдегі басты мақаты дауыс беру күнін дайындау болып табылады.
Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік таңдаушылардың бірлескен отырыстарының өткізілетін орны мен уақыты анықталған. Дәстүр бойынша отырыстардың басым көпшілігі 4 қазан күнгі таңертеңгі сағат 10-11-де басталады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
