| 01.10.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ТМД байқаушылары Миссиясының Басшысымен кездесті
2008 жылғы 1 қазан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылары Миссиясының Басшысы - ТМД Атқарушы Комитеті Төрағасының орынбасары – ТМД Атқарушы хатшысы Евгений Андреевич Новожилов мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады.
Кездесу барысында Қуандық Тұрғанқұлов пен Евгений Новожилов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарынның сайлауында халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
«ТМД Атқарушы Комитеті мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы арасында ұдайы ынтымақтастық орнағаны бізді қуантады. Іскерлік қарым-қатынастар электоралдық кезеңдер аралығында да толастамайды, соның ішінде еліміздің сайлау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіруге, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге қатысты ұсынымдарды ескеріп отырамыз»,- дей келе, Қ. Тұрғанқұлов Ортсайлаукомның ТМД Миссиясына сайлауды байқау барысында ақпараттық және басқа да қажетті көмек көрсетуге әзір екенін білдірді.
Е. Новожилов мырзаның айтуынша, бұл Миссия жалпы алғанда ТМД-ның әлемдегі сайлауларға жолдап отырған 43-і Миссиясы. 2008 жылғы 4 қазанда болатын Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын байқауға ТМД-ға мүше 6 елдің өкілдері қатысады.
«ТМД байқаушылары Миссиясының Штабы жұмысқа 2008 жылғы 23 қыркүйекте кірісті. Осы кезеңде бірқатар сайлау комиссияларында болып, сайлау науқаны барысымен таныстық. Сайлау заң шеңберінде, демократиялық негізде әзірленіп жатыр деп ойлаймыз. Миссия өкілдері Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде сайлауды байқауға қатысады. Байқаудың нәтижелері туралы қорытындыларымыз бен өз ұсыныстарымызды 5 қазан күніне жоспарланып отырған баспасөз конференциясында жариялайтын боламыз»,- деп атап өтті Миссия Басшысы.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
