| 26.02.2018 |
|
Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру мен жаңарту бойынша семинар өтті
2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру мен жаңартудың заманауи тәсілдері» семинар жиынын өткізді.
Семинарға қатысушылар – орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары және өзге де сайлауды ұйымдастырушылар сайлаушылардың тізімін қалыптастыру процесі, олардың толық әрі анықтығын, сондай-ақ, цифрлық сайлау тізімдерін қалыптастырудағы жаңа тәсілдерді талқылады.
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2018 жылдан бастап «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында сайлау жүйесінің қызметін ақпараттық-коммуникациялық модернизациялау бойынша жоспарлы жұмыс көзделгенін атап өтті.
Семинар барысында, сондай-ақ, ішкі істер, әділет, ақпарат және коммуникациялар министірліктерінің өкілдері сөз сөйледі.
«Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РММ директоры Е.Қосмуратов өз баяндамасында «Сайлау» ААЖ модернизациялау және сайлау учаскелерінің шекаралары мен сайлаушылар саны жөніндегі ақпаратты көрсету мүмкіндігін ұсынатын интерактивті карта туралы мәлімдеді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
