| 26.02.2018 |
|
Орталық сайлау комиссиясы сайлауда халықаралық бақылауға дайындық бойынша семинар өткізді
2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен ТМД ХПА қатысушы елдері Азаматтардың сайлау құқығын сақтау және демократия мен парламентаризмді дамытуды бақылау бойынша халықаралық институтпен (Халықаралық институт) бірлесіп «Ресей Федерацисының Президент сайлауына халықаралық бақылауға дайындық бойынша» семинар ұйымдастырылды.
ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина атап өткендей, семинардың мақсаты – бақылаушыларды Ресей Федерациясының 2018 жылдың 18 наурызында болатын Президент сайлауының құқықтық реттелуі және сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады.
Семинар жұмысына 2018 жылдың 18 наурызында өтетін Ресей Федерациясындағы Президент сайлауына түрлі халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында қысқамерзімді бақылаушы ретінде жіберілетін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Семинар аясында ТМД ХПА Кеңесі хатшылығының жетекшісі- ТМД ХПА қатысушы елдері Азаматтардың сайлау құқығын сақтау және демократия мен парламентаризмді дамытуды бақылау бойынша халықаралық институт директоры Гладей Д.Г., РФ Конституциялық сотыны Төрағасының кеңесшісі, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы, Карцов А.С., сондай-ақ, Санкт-Петербор мемлекеттік университетінің профессоры Ткаченко С.Л. сөз сөйледі.
Өз баяндамаларында Халықаралық институт сарапшылары ТМД қатысушы елдерінің сайлау процесстерінің реттелуі және халықаралық сайлау бақылауы бойынша мәселелерді көтерді.
Атап өтсек, ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Халықаралық институт өкілдерінің қатысуымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
