| 21.02.2018 |
|
ҚР ОСК мүшесі Л. Сүлеймен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
2018 жылғы 21 акпан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығында «Қазақстан Республикасы сайлау жүйесінің ерекшеліктері: заңнама және тәжірибе» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріске этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқармалардың, ішкі саясат бөлімдерінің, жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты (барлығы 65 адам).
Дәріс барысында сайлау процесстерінің теориясы мен тәжірибесі, Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуы және сайлау жүйелері саласында халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын іске асыру мәселелері талқыланды.
Дәріс шеңберінде тәжірибелік сабақ және талқыларнған тақырып бойынша пікір алмасу өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы



