| 08.02.2018 |
|
ҚР ОСК аппараты бөлімінің меңгерушісі А.Арғынов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
2018 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының Талдау, сыртқы байланыс және протокол бөлімінің меңгерушісі Арбол Арғынов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды.
«Заманауи халықаралық қатынастар және әлемдік саясат» семинарының шеңберінде мемлекеттік органдарда халықаралық байланыстарды жүзеге асыру функцияларын орындайтын мемлекеттік қызметшілер үшін «Халықаралық ұйымдардың сайлау заңнамасын және сайлау процестерін жетілдірудегі рөлі» тақырыбында дәріс оқылды.
Дәрісте халықаралық ұйымдар - Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) мен Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы қызметінің және демократиялық сайлау саласында негіз қалаушы халықаралық құжаттар үлгісінде түрлі елдердің сайлау заңнамасының эволюциясы көрсетілді.
Дәріс оқушы сайлау процестерін ұлттық реттеу нысандарын сайлау байқау жөніндегі миссиялардың қызметі және ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің сайлау заңнамасына баға беру арқылы ашты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

