| 25.09.2008 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы ТМД байқаушылары Миссиясы Штабының басшысымен кездесті
2008 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылары Миссиясы Штабының басшысы - ТМД Атқарушы Комитетінің Гуманитарлақ ықпалдастық, жалпысаяси және әлеуметтік мәселелер департаменті Спорт, туризм және жастар жөніндегі ынтымақтастық бөлімінің бастығы А. В. Сосновский мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады.
Кездесу барысында Қуандық Тұрғанқұлов пен Александр Сосновский Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарынның сайлауында халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
«ТМД елдерінің Миссиясы Қазақстан Республикасында өткізілген барлық сайлау науқандарын байқауға қатысып келеді. Миссия мүшелері байқауды сайлаудың заңмен көзделген тәртіпте өткізілуі мақсатында жүргізеді. Барлық байқалған кемшіліктерді сайлау комиссияларының назарына дер кезінде жеткізіп отырады. Миссиялардың байқау нәтижелері бойынша есептерінде берілген ұсынымдарының бірқатарын біз еліміздің сайлау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс барысында ескеріп отырамыз»,- дей келе, Қ. Тұрғанқұлов Ортсайлаукомның ТМД Миссиясына сайлауды байқау барысында ақпараттық және басқа да қажетті көмек көрсетуге әзір екенін білдірді.
А. Сосновский мырзаның айтуынша, ТМД Миссиясының байқаушылары Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде болып, Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру рәсімдерін байқауды жүзеге асыруға тырысатын болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
