| 24.01.2018 |
|
ҚР ОСК Хатшысы С. Мұстафина
Маңғыстау облысында бірқатар кездесу өткізді
2018 жылғы 23-24 қаңтарда ҚР Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы С.С. Мұстафинаның жұмыс сапары аясында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесуі болды. Аталған кездесуде ОСК Хатшысы және аумақтық сайлаукомның мүшелері сайлау комиссиясының ағымдағы қызметін және сайлау заңнамасына енгізілетін жаңа өзгерістерді, сондай-ақ аумақта сайлау процесін ұйымдастырушыларды және басқа қатысушыларды электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді талқылады.
Жұмыс сапары барысында Ортсайлауком Хатшысы Маңғыстау облысының әкімі Е.Л. Тоғжановпен кездесті. Кездесуде облыстың барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары кадрларының кәсіби деңгейін арттыруға және сертификаттауға жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ С. Мұстафина Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметкерлерді даярлаудың өңірлік орталығында болды. Орталық директоры Д.Н. Жұмашева қонақтарды Оқыту орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен, оның материалдық-техникалық базасымен таныстырып, іске асырылған жобалар мен алдағы жылдарға жоспар туралы айтып берді, педагогтардың әлеуетімен және іске асырылған жобалармен таныстырды. Кездесу барысында сайлау процесін ұйымдастырушылар мен қатысушыларды электораттық оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бірлескен іс-әрекеттің перспективалары талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


