| 24.01.2018 |
|
ҚР ОСК бас консультанты Индияда өткен оқуға қатысты
2018 жылғы 8-19 қаңтар аралығында ҚР ОСК аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты С.Т. Қозыбаеваның Нью-Дели қаласында (Үндістан) сайлауды басқару саласында әлеуетті дамыту мәселелері бойынша дайындықтан өтті. Оқуды демократия мен сайлауды басқарудың Үндістан халықаралық институты (IIIDEM) және Үндістанның Сайлау комиссиясы техникалық-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) шеңберінде өткізді.
Курстың мақсаты - сайлауды басқару саласындағы әлеуетті арттыру және кәсіби оқыту, сондай-ақ мемлекеттердің, соның ішінде Үндістандағы сайлауды басқарудың озық тәжірибесімен танысу. Әр түрлі елдердің сайлау жүйелерін талдауға, еркін және әділ сайлау өткізу, сайлауды басқарудың басшылық қағидаттарына, стратегиялық және операциялық жоспарлау, сайлаушыларды тіркеу мен оқыту, дауыстарды санау және нәтижелерін жариялау, сайлауды байқау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Оқу барысында оқу курсына қатысушылар өздерінің сайлау заңнамасы жүйесін ұсынды, Агра қаласындағы сайлаушыларды тіркеу және сәйкестендіру орталығына барды, сондай-ақ электрондық дауыс беру машиналарының жұмысымен танысты.
Бұл курстарда Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Орталық, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Океанияның 19 елінің сайлау органдарынан 29 өкіл қатысты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы

