| 15.01.2018 |
|
ҚР ОСК Хатшысы С. Мұстафина Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
2018 жылғы 12 қаңтарда ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафина жұмыс сапары аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.К. Өміралиевпен және хатшысы О.В. Соғымбековамен кездесті. Кездесуде сайлау комиссиясының ағымдағы қызметі, оның ішінде электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапары барысында Ортсайлауком хатшысы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ. Түймебаевпен кездесті. Кездесуде өңірдегі сайлау комиссиялары кадрларының біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Сол күні ҚР ОСК хатшысы С.Мұстафина Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметкерлерді даярлаудың өңірлік орталығында болды. Орталық директоры З. Б. Қабылбекова мекеме қызметінің негізгі бағыттарымен, материалдық-техникалық базасымен, педагогтардың әлеуетімен және іске асырылған жобалармен таныстырды. Кездесу барысында сайлау процесін ұйымдастырушылар мен қатысушыларды электораттық оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бірлескен іс-әрекеттің перспективалары талқыланды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы


