| 14.12.2017 |
|
2017 жылғы 14 желтоқсанда ҚР ОСК мен ҚР БҒМ арасында жас және болашақ сайлаушыларды электораттық оқыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.Имашев пен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Е.Сағадиев ҚР ОСК мен ҚР БҒМ арасындағы жас және болашақ сайлаушыларды электораттық оқыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты жас және болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін және электораттық сауаттылығын арттыру бойынша бірлесе және келісілген қызметі, жастардың сайлау науқандарына белсенді және саналы түрде қатысуы, жас азаматтардың сайлау жүйесіне және сайлау институтына деген сенім деңгейін арттыру болып табылады.
Айта кету керек, 2017 жыл бойы Ортсайлауком электораттық оқытуды жүйелі ұйымдастырудың тәсілдерін жетілдіріп, оларды пилоттық жобаларда апробациядан өткізді.
Осылайша, болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру шеңберінде оқушыларға сайлау қызметінің практикалық бағдарланған білімін, машықтары мен тәжірибесін беру мақсатында әзірленген «Мектеп Президентін сайлау» пилоттық жобасы табысты жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, Ортсайлауком әзірлеген сайлау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша тақырыптар Тізбесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарына курстық және дипломдық жұмыстар тақырыбы ретінде ұсынды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
