| 13.12.2017 |
|
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.Мұстафинаның
Павлодар облысына жұмыс сапары
2017 жылдың 12 желтоқсанында ҚР ОСК хатшысы С.С.Мұстафинаның жұмыс сапары аясында Павлодар облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Г.К.Аманжоловамен кездесуі болып, онда сайлау комиссиясының ағымдағы қызметі мәселелері талқыланды.
Сапар барысында Ортсайлауком өкілдері Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының қызметімен, сондай ақ «Павлодарлық өңірлік басқару мектебі» қоғамдық қорының 2009-2015 жылдары жүзеге асырған жобаларымен танысты: БҰҰ демократиялық қорының қолдауымен «Қазақстандық қоғамның электораттық сауаттылығын арттыру және инклюзивтік демократиялық даму» жобасы, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының қолдауымен «Тұрғындардың электораттық мәдениетін арттыру» жобасы, ауыл жастарын жергілікті басқаруға тарту жобасы, «Мен таңдаймын» Өңіраралық жастар лагерін құру жобасы және жастардың сайлау процесіне қатысуын ынталандыру үшін www.umitker.kz веб-порталын ашу, жастар мәслихатына пилоттық интернет-сайлау жобасы және т.б..
Кездесу аясында «Павлодарлық өңірлік басқару мектебі» қоғамдық қорымен аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушылары үшін электораттық оқытуды ұйымдастыру, сондай ақ жастардың азаматтық және электораттық белсенділігін арттырудың жаңа нысандарын жетілдіру бойынша бірлескен келешек жұмыс мәселелері талқыланды.
ҚР ОСК хатшысы С.Мұстафинаның Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бақауовпен кездесуі болып, онда 2018-2019 жж. өңірдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктіліктерін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
