| 28.11.2017 |
|
ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Президенті
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды
2017 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусына алғаш түскен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев «Қазақстандағы халықаралық байқаушылардың миссиясы: бағалау, проблемалар, біздің пайымымыз» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаев ҚР-дағы сайлауды байқауды жүзеге асырушы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, ТМД, ШЫҰ, ТМЫК, ТүрікПА, ИЫҰ сияқты негізгі халықаралық ұйымдар туралы айтып берді, жоғарыда аталған халықаралық ұйымдардан жіберілген байқаушылардың статистикасын ұсынды, сондай-ақ 2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасында өткен парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының Қорытынды есебі ұсынымдарының орындалуы бойынша сыни талдауымен бөлісті.
Дәріс барысында және соңында тыңдаушылар талқыланып отырған тақырып бойынша белсенді түрде сұрақтар қойып, толық жауап алды.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
