| 09.10.2008 |
|
2008 жылғы 9 қазан күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұлов БҰҰ-ның резидент-үйлестірушісі/БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкіл Хаолянь Шу мырзаны оның өтініші бойынша қабылдады.
Кездесу барысында Қуандық Тұрғанқұлов соңғы екі жылда Ортсайлауком мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Халықтың электораттық мәдениетін арттыру» бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылған жұмысқа жоғары баға беріп, БҰҰ Даму Бағдарламасы басшылығына сайлаушылардың саяси мәдениетін арттыру және сайлауды ұйымдастырушыларды оқыту бағытында көрсетілген нақтылы көмек үшін алғыс сезімін білдірді. «Жұмыс ұйымдасқан түрде және нәтижелі өтті. Біз бұдан былайғы кезеңде де БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлескен жобалар өткізуге дайынбыз»,- деп атап өтті Ортсайлауком басшысы.
Хаолянь Шу мырза, өз кезегінде, БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен 2007-2008 жылдары бірлескен жоба бойынша тығыз ынтымақтастықта атқарылған жұмысқа қанағаттанушылық білдірді және осы жобаның Ұлттық директоры болған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопковаға ерекше ризашылығын айтты.
Кездесу соңында тараптар келесі «Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындығы кезеңінде сайлау реформаларын тиімді іске асыруда техникалық көмек көрсету» бірлескен жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Бұл жоба бойынша ұйымдастыру мәселелері қосымша келісілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
