| 27.11.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының делегациясы жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасына болып қайтты
Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров бастаған ҚР ОСК делегациясы 2017 жылғы 24-25 қарашада жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасында болып қайтты.
Сапар аясында Константин Петров Әзірбайжан Республикасының Орталық атқару комиссиясының төрағасы Мазаир Панаховпен кездесу өткізді.
Тараптар сайлау барысындағы халықаралық құжаттар мен қағидаттардың сақталуы, сайлау процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері төнірегінде пікір алмасты.
Сондай-ақ кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының делегациясы Әзірбайжан Республикасының «Сайлау» ақпараттық орталығының жұмысымен, округтік сайлау комиссияларының қызметімен танысып қайтты.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
