| 08.10.2008 |
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлау тағайындады
8 қазан күні сайлау заңнамасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы өзінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2008 жылғы 23 қазанға тағайындады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша іс-шаралардың нақтылы мерзімдерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну 9 қазан күні басталып, 14 қазан күні аяқталады. Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаты мандатына кандидат ұсыну құқығы Ассамблея Кеңесіне тиесілі.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, Ассамблея Кеңесі ұсынған кандидаттарды тіркеу 12 қазанда басталып, 17 қазанда аяқталады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комсиссиясы жүргізеді.
Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіті 2008 жылғы 18 қазанда басталып, 21 қазан күні сағат 24.00-де аяқталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан, жасы 25-ке толған, республика және белсенді сайлау құқығына ие азамат Мәжіліс депутаты болып сайлана алады.
Сайлау заңнамасына сәйкес, сайлау Республика Президенті шақыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында өткізіледі.
Сессия өтетін үй-жайда дауыс беру пункті ұйымдастырылады. Дауыстарды санауды және оның нәтижелерін жариялауды Астана қалалық сайлау комиссиясы іске асырады.
Мәжілістің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған шығып қалған депутатының орнына сайлаудың нәтижесін Орталық салау комиссиясы 2008 жылғы 28 қазаннан кешіктірмей анықтауға және ол туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында 2008 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей жариялауы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
