| 27.11.2017 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ж.Әбдірайымның өкілеттігін тоқтату жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті
27 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ж. Әбдірайымның өкілеттігін тоқтату жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымның орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіздер туындағаны туралы белгіленді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес және Б.Ж. Әбдірайым өтініш негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізеді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
