| 20.11.2017 |
|
ҚР ОСК-да «Мектеп Президентін сайлау» пилоттық жобасын қорытындылау жөніндегі кездесу болды
А.ж. 20 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында «Мектеп Президентін сайлау» пилоттық жобасының қорытындыларына арналған кездесу өтті.
Кездесуге мектептердің сайланған президенттері, мектеп сайлау комиссияларының төрағалары, пилоттық мектептердің директорлары, Астана қаласының Білім беру басқармасының және қалалық сайлау комиссиясының, сондай-ақ жобаны іске асыруға көмек көрсеткен аудандық әкімдіктердің басшылығы шақырылды.
«Мектеп Президентін сайлау» пилоттық жобасы болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында оқушыларға сайлау қызметінің практикалық бағдарланған білімді, машықтар мен тәжірибені беру үшін жағдайлар жасауға бағытталды.
Мектеп президенттерінің сайлауалды науқаны Астана қаласында 20 қыркүйекте басталды. Бірыңғай дауыс беру күні 22 қазанда жалпы білім беру мектептерінің: №37 орта мектебінің, №6 мектеп-гимназиясының және №76 мектеп-лицейінің базасында, астананың әр ауданынан бір-бір мектепте өтті. Жобаға аталған мектептердің 2-11 сынып оқушыларының барлығы 6 026 оқушысы қатысты.
Үш мектеп президенттерінің лауазымына 22 кандидат – 9-10 сыныптар оқушылары үміткер болды. №76 мектеп-лицейде жеңімпаз сайлаушылардың 50%-ның дауысын жинап, бірінші кезең нәтижелері бойынша анықталса, №6 мектеп-гимназия мен №37 орта мектепте сайлаудың екінші кезеңі ұйымдастырылды. Екінші кезеңде бірінші кезеңде ең көп дауыс жинаған екі кандидаттың арасынан көшбасшы таңдалды.
Сайлау процестерін мектеп сайлау комиссиялары ұйымдастырды. Мектеп Президентін сайлау туралы ережеге сәйкес Мектеп комиссиясының мүшесі ретінде 8-10 сынып оқушылары, сайлау процесін ұйымдастыруға көмек көрсеткен, көбінесе учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі болып табылатын мектеп қызметкерлері бола алды.
ҚР ОСК Хатшысы Сабила Мұстафина мектептердің сайланған президенттерін: №37 орта мектебінің 9А сынып оқушысы Томирис Күлмаеваны, №6 мектеп-гимназиясының 10Б сынып оқушысы Иван Нечаевты, №76 мектеп-лицейдің 10А сынып оқушысы Мирас Скендрды, сондай-ақ мектеп сайлау комиссияларының төрағаларын құттықтады.
Іс-шараға барлық қатысушылар Ортсайлауком Төрағасының атынан алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Орталық сайлау комиссиясының Хатшысы оқушалардың өзін-өзі басқаруының дамуына қатысу белсенді азаматтық ұстанымның және көшбасшылық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатынына сенім білдірді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
