| 16.11.2017 |
|
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушыларға арналған семинар-тренинг өткізді
2017 жылғы 16 қарашада Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар Кеңсесімен бірге халықаралық байқаушыларға арналған «Сайлаушылардың тізімдерін жасаудағы халықаралық байқаудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар-тренинг жұмысына Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесінің өкілдері, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, орталық мемлекеттік органдар, министрліктер мен ведомствалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинар-тренингке қатысушыларға ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының орынбасары Константин Петров және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалары Кеңсесінің басшысы Елші Дьердь Сабо алғы сөз сөйледі.
«Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы әлеуетті бақылаушылар тобын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы мақсатта ОСК жыл сайын Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесімен бірлесіп семинарлар өткізеді. Бүгінгі семинар сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру мәселелеріне арналған. Біз халықаралық стандарттарды, қалыптасқан жағдай және кейбір шет мемлекеттердің тәжірибелерін қарастырудамыз», - деп атап өтті К.Петров.
ҚР ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев сайлаушылардың тізімдерін қолдану тәртібін реттейтін халықаралық нормаларды, ЕҚЫҰ құжаттарының нормаларын түсіндірді.
Сондай-ақ, семинар-тренинг шеңберінде «Сайлаушыларды тіркеу - халықаралық стандарттар және тәжірибе» тақырыбында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау жөніндегі кеңесшісі Радивое Груичтің презентациясы өтті.
Сонымен қатар, семинар-тренинг жұмысы барысында қатысушылар сайлау күндерінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ -ның Миссия құрамында сайлаушылар тізімін жасау мен пайдаланудың халықаралық байқаудың ерекшеліктерін талқылады, Өзбекстан Республикасындағы және Қырғызстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысу, соның ішінде сайлау күндерінде сайлаушылар тізімдерін іс жүзінде қолдану процесін байқау тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг соңында 2018 жылы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссияларының құрамында байқау жүргізу тәжірибесін одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
