| 07.10.2008 |
|
2008 жылғы 7 қазан күні Орталық сайлау комиссиясы өз отырысында 2008 жылғы 4 қазанда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттары сайлауының қорытындыларын шығарды.
Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламенттің жоғары палатасына 16 депутат, яғни әрбір облыстан, Астана мен Алматы қалаларынан бір-бір депутаттан сайланды.
Ортсайлауком Төрағасы отырыстан кейін өткізілген баспасөз конференциясында атап өткендей, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар мемлекет Басшысының сайлауды қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын уақытылы орындады, ал сайлау органдары барлық қажетті ұйымдастыру шараларын Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, заңнамамен белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, жүргізді».
Электоралдық науқан барысында барлығы 88 кандидат ұсынылды. Жеті үміткер кандидатураларын өз өтініштері бойынша алып тастады. Тағы екі кандидат Қазақстан Республикасы Конституциясы қойған талаптарға сай келмеуі себепті, алынып тасталды. Тіркеуге қажетті барлық құжаттарды заңнамамен белгіленген мерзімде ұсынбаған 26 үміткерді тіркеуден бас тартылды.
Нәтижесінде, Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары 53 кандидат тіркеді. Тіркелген кандидаттардың 16-сы депутаттық мандат үшін күрестен әртүрлі себептермен шығып қалды және 4 қазан күні дауыс беру 37 кандидатура бойынша жүргізілді.
2008 жылғы 4 қазанда сайланған Сенат депутаттарының біреуі әйел. Сайланған Сенат депутаттарының орташа жасы 57 жас. Мамандығы бойынша: 11 инженер, 3 заңгер, 2 депутат - басқа мамандық иелері. Қызметі бойынша: 7 сенатор - бұрынғы Сенат депутаттары, 8 сенатор – мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 1 сенатор – коммерциялық құрылымның қызметкері.
Сайланған 16 Сенат депуттарының барлығы – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшелері.
Жалпы алғанда, сайлау науқаны ұйымдасқан, ашық және демократиялық түрде өтті. Барлық сайлау процесіне қатысушылар заң аясында, еліміздің сайлау заңнамасымен белгіленген рәсімдерге сәйкес әрекет етті.
Мұны халықаралық байқаушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының саяси партиялары, қоғамдық ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдар байқаушыларының берген бағасы айғақтайды.
Өткен сайлауда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары республиканың барлық өңірлерінде дерлік сайлау барысын байқауға қатысты.
Дауыс беру барысын байқауды 284 халықаралық және отандық байқаушылар, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, қоғамдық бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізді.
Сайлау процесін ұйымдастыру деңгейіне Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдер Миссиясының сарапшылары, сондай-ақ ТМД Атқарушы Комитеті Миссиясы мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы оң баға берді.
Қазақстандық байқаушылар да өткен сайлауды оң бағалап отыр. Атап айтқанда, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық комитет «Сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларына сәйкес бәсекелестік пен әдепті күрес жағдайында өтті және, жалпы алғанда, халықаралық демократия стандарттары талаптарына жауап береді» деп тұжырымдады.
Бүкіл сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына 4 өтініш келіп түсті. Алайда, олардың барлығы сайлау заңнамасын бұзуға қатысты емес, тек заңнаманың кейбір баптарына түсініктеме беруді талап еткен болатын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
баспасөз орталығы
тел. 75-21-32, 75-28-43, 75-28-44
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау 2026 жыл
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
