| 27.10.2017 |
|
ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаевтың Оңтүстік Қазақстан
облысына жұмыс сапары болды
2017 жылғы 27 қазанда Шымкент қ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Алдаңғорұлы Сәрсембаевтың облыстық, қалалық сайлау комиссияларының және; Оңтүстік Қазақстан облысы округтік сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес барысында шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу мәселелері талқыланды.
Өңірде 7 сайлау округінде: № 11, 35 , 49, 50 сайлау округтері бойынша облыстық маслихатқа, № 22 сайлау округі бойынша Шымкент қалалық мәслихатына, № 7 сайлау округі бойынша Түркістан қалалық мәслихатына, № 22 сайлау округі бойынша Сарыағаш аудандық мәслихатына сайлау тағайындалған.
7 бос депутаттық мандатқа жалпы алғанда 18 адам үміткер болып отыр.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге 4 аумақтық, 7 округтік және 90 учаскелік сайлау комиссиясы тартылды.
Сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін, сайлау органдарының дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару жөніндегі міндеттерін талқылауға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен бірге М.Сәрсембаев, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері алдында «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі: құқық және процесс» тақырыбы бойынша қонақтық дәріс өткізді.
Дәріс соңында талқыланып отырған тақырып бойынша пікір алмасу жүргізілді және сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
